weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Аудан әкімі ауыл көшелерін аралады

Аудан әкімі ауыл көшелерін аралады

Аудан әкімі ауыл көшелерін аралады
ашық дереккөзі
 width=
Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков Қарамұрт Ауылдық округіндегі кезек күтіп тұрған бірқатар мәселелерді арлап қайтты.
Мұнда тұрғындарымен кездесіп, Қарамұрт елді мекеніндегі А.Моминжанов, М.Мухитдинов көшелері мен Низамабад елді мекеніндегі Низамабад көшесінің жағдайын көрді.
Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері бойынша Қарамұрт ауылдық округі мен аудандық Сайрам Жкх бөліміне нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, биыл ауданда 85,1 шақырым ішкі жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар Шымкент қаласы мен Сайрам ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қала қоқыс орны» автомобиль жолының қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, осы Қарамұрт ауылын қиып өтетін Сайрам ауданымен Төлеби ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталған.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі