Тіл - ұлттың тамыры
Тіл - ұлттың тамыры
Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!
"Қазақстан халқының тілдері күні" баршаңызға құтты болсын!
Тіл - халықтың қазынасы. Кез келген ұлт, мемлекет өз Ана тілін барынша құрметтеуге, дәріптеп дамытуға ерекше мән береді.
1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шын бостандыққа ие болды. 1997 жылы 11 шілдеде "Тіл туралы" Заң қабылданды.
Жаны дархан ұлтымыздың бұл Заңы қазақ тіліне құрметпен қарай отырып, этнос тілдерінің сақталып, дамуына да мүмкіндіктер береді.
Осы тұрғыдан алғанда, Сайрам ауданындағы тілдердің тарихы да тереңнен бастау алады. Елуден астам ұлтты біріктірген ауданымызда мемлекеттік тіл Қазақ тіліне
басымдық берілген. Этнос тілдерінің дамуына қолайлы жағдай жасалған.
Сайрам ауданында "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің және 8 этномәдени бірлестіктің белсенді жұмыс атқаруы осының айғағы.
Биыл Тілдерді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Байқау, семинар өткізілді, жыл басынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүзден аса заңсыз жазулар алынды.
Аудандық білім беру мекемесіне қарасты білім мекемелерінде "Тіл туралы" Заңның талаптары түсіндіріліп, бірқатар мәселелерді ретке келтіру жөнінде анықтамалар берілді.
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарын қамтитын "Тілге құрмет - елге құрмет", "Тіл орталығында онлайн жүйесі арқылы тіл үйрену" атты бейнетүсірілімдер түсіріліп, тұрақты түрде жергілікті "Elnur TV" телеарнасы арқылы көрсетілім
ұйымдастырылды.
70-тен аса көшелерге дәстүрлі, тарихи атаулар берілді. Ауданымыздағы тілдерді дамыту саласының ұйымдастыруымен өткен байқаулардың жеңімпаздары облыстық байқауда бас жүлдені, II орынды иемденді.
Сонымен қатар, биылғы жылдың өзіндік ерекшелігі, тіліміз Мемлекет басшысының
Жолдауында көзделген мақсаттарға сәйкес, Әл-Фараби, Абай мұралары арқылы насихатталды. Әсіресе, "Абай 175 Сайрам ауданы" эстафеталық челленджі әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын оятты.
Нәтижесінде, Абай шығармасын паш ететін 125 бейнетүсірілім ұйымдастырылып,
халықтың назарына ұсынылды.
Қуантарлық жайт, барлық іс-шараларға өзге ұлт жастары белсенді қатысуда. Бұл
отандастарымыздың мемлекеттік тілге деген құрметін білдіреді.
Бабаларымыз ел мен жерді қалай қорғаса, ана тіліміз - қазақ тілі үшін де дәл сондай
құрбандықтарға барды. Сол қиын-қыстау заманның қыспағынан аман өтіп, бізге жеткен қазақтың бай да көркем тілі мәңгілік жасасын!
Ұлы даланың жеті қырын, сан мың сырын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін шежірелі тіліміздің мерейі үстем болсын!
Құрметпен Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков