Алғысқа лайық тіл жанашырлары
Алғысқа лайық тіл жанашырлары
Бүгін «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай Сайрам ауданында қазақ тілінің мәртебесін асыру бағытында елеулі еңбек еткен азаматтар «Алғыс хатқа» ие болды.
Аудан әкімінің «Алғыс хатын» әкім орынбасары Ансар Усербаев табыстап, тіл мәртебесін асқақтатуға өз үлесін қосып жүрген тіл жанашырларын бүгінгі мерекемен құттықтады.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Тек оны насихаттай білу керек» – деген еді. Міне, осы бағытта өз ісіне зор жауапкершілікпен қараған азаматтардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Түрлі этнос өкілдерінің тұрғылықты мекеніне айналған Сайрам ауданында этнос өкілдері өз ана тілімен қатар, мемлекеттік тілді де жете меңгерген және оған біздің еліміз жағдай жасаған, – деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Аңсар Жаңабайұлы.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі