Хабар-ошарсыз кеткен ұлдарын 24 жылдан кейін тапқан ата-ана көз жастарын тия алмады

28 Мамыр, 2018 1171 0

Қытайда 24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер жігіт өз туғандарын тауып, үйіне оралды. Балаларын ұзақ уақыт бойы іздестіруді тоқтатпаған ата-ана оны аман-есен қалпында көргенде көз жасын тия алмаған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әкесімен дүкенге еріп барған Лю Ли 1994 жылы 8 тамызда жоғалып кеткен. Үш жасар бала Шэньси өлкесіне қатысты Сиань қаласында адасып кетті. Баласының жоғалып кеткенін аңғарған ата-ана алып шаһар ішінен оны таба алмаған.

Олар бастапқыда, Люді біреу ұрлап кетті деген ойда болды. Алайда, үш жасар бала бар-жоғы әкесінен қалып қойып, оны қалың көпшілік арасынан таба алмаған. Люді өзге қытайлық ерлі-зайыптылар асырап алды. Олар базарда жападан жалғыз келе жатқан баланы жетім деп ойлап қалған.

Баласын жоғалтып алған ата-ана 24 жыл бойына оны іздестіруді тоқтатпады. Артынан дүниеге егіз баланы әкелсе де, олар Люді күндердің бір күні табатындарына кәміл сенімді болғандарына айтады.

Отбасының қайта қауышуы араға 24 жыл салып орын алды. Лю өзінің туған ата-анасын таппақ болып, медициналық орталыққа өз қанын тапсырған. Нәтижесінде, оның көрсеткіштері баласын іздестіріп жатқан ата-ананыкімен сәйкес болып шықты.

Есейіп кеткен баласын көргенде ата-анасы "біз сені ақыры таптық" деп айтқан.

Өзінің туған ата-анасымен қайта қауышқан ер жігіттің оқиғасы желі қолданушыларын тебіреткен. Көпшілік мұндай әсерлі оқиғадан көздеріне еріксіз жас алғанын айтты.

Тегтер: қытай, сиань, шэньси

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.