Аудан әкімі онлайн-қабылдау өткізді

Аудан әкімі онлайн-қабылдау өткізді

ашық дереккөзі

 width=Қарасу Ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылының тұрғыны Дана Әділбаева Бастау көшесіне асфальт төсеуді сұрады.
Аталған көшенің жағдайын тыңдаған Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков асфальт төсеу үшін қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар дайындалғанын айтты. Асфальт төсеу жұмыстары 2021 жылдың бюджетіне енгізілген.
Дегенмен, алдағы маусымда тұрғындардың жол жүруін оңтайландыру мақсатында Бастау көшесіне тас төсеу мүмкіндіктерін қарастыруды жауапты сала басшысына тапсырды.
Ақбастау ауылының Жаңақұрылыс аумағында бұдан бөлек, трансформатор, көше жарықшамдарын орнату мәселесі де күн тәртібіне енгізілді.
Аудан тұрғындары алдағы уақытт да тұрақты түрде аудан әкімінің онлайн-қабылдауына жазылып, өз ұсыныстарын, өтініштерін жеткізе алады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...