Жаңалықтар

Әкім болуға үміттілерді таныстырды

 width=Бүгін жергілікті қауымдастықпен кездесуде Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков Қарасу ауылдық округі әкімінің лауазымына лайықты үміткер деп таныған үш азаматты таныстырды. - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңында қойылған талаптарға сәйкес, бүгінде Қарасу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарып жүрген - Дамир Сыдыковты, Сайрам ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы - Мейрбек Акжаровты және аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы - Аян Отегенді ұсынамын. Үшеуі де өз саласында жақсы қызмет етіп жүрген, білімді, тәжірибелі азаматтар. Жас буынға да мүмкіндік беріп отырмыз. Ендігі таңдауды аудан мәслихатының депутаттары дауысқа салатын болады, - деді Ұ.Сәдібеков.
Айта кетейік, Қарасу ауылдық округі әкімін сайлауды өткізу - 2020 жылғы 8 қазанға бекітілген.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі