Жаңалықтар

Еңбекқор отбасы үй іргесінен бір жылда үшінші рет өнім алуда

 width=
Сайрам ауданының бірқатар тұрғындары биыл тамшылатып суғару әдісін пайдалану арқылы осы жылға үшінші рет өнім алуда.
Аудан әкімі Уласбек Садибеков Көлкент Ауылдық округіне барған іс-сапарында Ақсуабад ауылы, Тұмар көшесіндегі азамат А.Азимбаевтың үй-іргелік жерлеріне тамшылатып суғару жұмысымен танысты. Үй иесінің айтуынша, шағын ғана жер телімінен бүгінде екінші рет қияр өнімін жинап жатыр. Сол жерге қиярмен қатар жүгері де егіпті. Бұл биылдыққа үшінші өнім болмақ.
Суғарудың осы бір тиімді әдісімен Көлкент елді мекеніндегі «Олжа» шаруа қожалығы да екінші өнімін жинауға дайын.
Сапар соңында аудан басшысы Ақсуабад ауылының №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебін аралап, білім беру нысанының алдағы оқу жылына дайындығына көз жеткізді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі