Түркістанды бірге түлетеміз

Түркістанды бірге түлетеміз

ашық дереккөзі

 width=Облыс орталығы Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген 2-ші секторда бірқатар шаруалар атқарылды.
Атап айтқанда, Ж.Майкотов көшесіндегі N22 мектептің алдына спорт алашасы салынып, стрит-воркаут, 5 дана орындық, қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды. Аталған аумақта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, үлгі ретінде бекітілген Ортақ (Талас) 4 көшесінің бойындағы 760 метр жол жиегі қоршалып, 10 орындық, қоқыс тастайтын жәшіктер қойылды.
Осы жұмыс барысында орталықтандырылған 3800 метр су жүйесі іске косылып, жергілікті тұрғындар игілігіне берілді. Көше бойына 234 дана шырша ағашы егілді және бүгінде көгалдандыру үшін себілген газон дәнін су сеуіп, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...