Президент үштілділікке қатысты: Бірінші қазақ тілі болуы керек

27 Наурыз, 2019 567 0

NewsROOM+. Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

«Бұл - өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», - деді Қазақстан Президенті.

Тегтер: тоқаев, президент, үштілділік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.