Сайрам аудандық мәслихатының кезекті елу сегізінші сессия отырысы өтті. Сессияда аудан әкімі Уласбек Садибеков 2020 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар жөнінде мәслихат депутаттарына есеп берді.
Карантиндік режиміне қарамастан аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы жұмыстары мерзімінде жүргізіліп, көктемгі дала жұмыстары оңтайландырылған мерзімде аяқталып, мал басы өсімі тұрақты сақталды.
Егіс көлемі 52,047 мың гектарға жеткізілді. Көкөніс, картоптан 174,0 мың тоннаға жуық өнім жиналды.
Қарқынды баулардың көлемі 467 гектарға жеткізіліп, алмадан 6,0 мың тонна өнім алынды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «Израильдік технологияны ендіру» тапсырмасына сәйкес, тамшылатып суғару әдісі барлығы 87 үйіргелік шаруашылықта енгізілді. Жаңадан 154 гектар тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 500 га жетті.
Ауданға 15,6 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл салада ауданымыздың облыс көлеміндегі үлесі 6% құрап, 4 орынға тұрақтады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі