«Қара қарақшылар». Қырғызстанға шабуыл жасады

«Қара қарақшылар». Қырғызстанға шабуыл жасады

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Қырғызстанның бірнеше мемлекеттік орган сайттарына хакерлік шабуыл жасалды. Хакерлер жеке мәліметтер мен құжаттарды кері қайтару үшін қомақты қаржы талап еткен. The Black Pirate хакерлер тобы Қырғызстанның Жоғарғы Кенешінің сайтын бұзып, онда арнайы жазба қалдырған. "Құпия сөз бен кілт сөзді, жеке мәліметтер, құжаттар мен телефон нөмірлері, құпия сөздер мен почталар біздің қолымызда. Бірнеше мемлекеттік сайтты толық бақылауымызда ұстап отырмыз.  width=  width= Қырғызстан азаматтарының жеке мәліметтерін де қолға түсірдік. Аталған мәліметтерді сатып жібермесін десеңіздер, көрсетілген есепшотқа 10 мың доллар аударуға тиіссіздер», - деген ақпаратты хакерлер Жоғарғы Кенештің бас бетіне орнатқан. Жоғарғы Кенеш сайт жұмысын уақытша тоқтатып, қалпына келтіруде.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...