12 аймақ карантинде: Елімізде тағы да төтенше жағдай енгізіле ме?
NewsRoom
12 аймақ карантинде: Елімізде тағы да төтенше жағдай енгізіле ме?
Еліміздегі 12 аймақта карантин шаралары қатаңдатылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бірқатар аймақтарда коронавирустың таралуына байланысты шектеулер енгізіліп, медициналық блок-бекеттер орнатылған. Алайда медициналық блок-бекеттер қалалардан кіріп-шығуды шектемейді. Тек қана жолаушылардың денсаулығын тексеретін болады.
Карантиндік шараларды күшейту жөніндегі өңірлердегі санитарлық дәрігерлердің қаулылары жарыққа шыққан болатын.
Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Ақмола облысы, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысында карантин күшейтілді.