Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26 Наурыз, 2019 603 0

NewsROOM+. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Тегтер: украина, назарбаев, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.