Министр "Борат-2" туралы: Қазақты қорлаған фильмге байланысты қандай шара қолданылмақ?

Министр "Борат-2" туралы: Қазақты қорлаған фильмге байланысты қандай шара қолданылмақ?

ашық дереккөзі

 width= Еліміздің мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Борат-2" фильмінің шығуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте хабарлады. "Екінші фильмнің шыққанын бәрі біледі. Оны елемей жүре алмаймыз. Менің ойымша, олар шығармашылық адам ретінде өз болмысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс", – деді Райымқұлова. Сонымен қатар министр өзі басқарып отырған мемлекеттік органның қай кезде шара қолдана алатынын да айтты. "Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару куәлігіне өтініш берілгенде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Бірақ Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді", – дейді ол.

Жүктелуде...