«Бірге тұру қорқынышты»: Атыраулық оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрайды
«Бірге тұру қорқынышты»: Атыраулық оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрайды

"Өтінемін, көмектесіңіздерші. Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру маған қорқынышты. Мен бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Видеоны жариялап, дұрыс істеп жатырмын ба, жоқ па - білмеймін, бірақ ертең және қазір не болатынын білмеймін", - деп жазды оқушы қыз.Ал полиция өкілдері істі бақылауға алғанын хабарлады. "Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкесінің) кәмелетке толмаған қызына әдепсіз сөздер айтып жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді олар.