14 жетім баланы асырап алған 26 жастағы бойжеткен жұртты таңқалдырды

14 жетім баланы асырап алған 26 жастағы бойжеткен жұртты таңқалдырды

ашық дереккөзі

 width= Летти Макмастер Street Children Iringa атты қайырымдылық қорын құрған деп жазады Daily Star. Небәрі 26 жасында бойжеткен 14 африкалық жетім баланы асырап алған. Африка еліндегі балалар үйінде жұмыс істейтін ару 18 жасынан бастап қайырымыдылықпен айналысуда. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.  width= Англияның Танбридж-Уэллс қаласынан Танзаниядағы балалар үйіне ерікті ретінде келген бойжеткен балалар үйінде үш жыл жұмыс істеген. Кейін Летти балалар үйі жабылып, далада қалып қою қаупі төнген тоғыз баланы асырап алады. Соңғы жеті жылда ол тағы бес баланы асырап алып, бүгінде барлығы 14 баланы қамқорлығына алып отыр. Летти барлық балаларды бір үйге жинап, оларға жақсы өмір сыйлауда.  width=  

"Кішкентай балалар мені анасы ретінде қабылдады. Ал ересектеу балалар жас айырмашылығымыз айтарлықтай үлкен болмағасын мені туған әпкесіндей көреді. Өзімді олардың ортасында бақытты сезінемін", - дейді ол.
Бойжеткен жетім балалардың жағдайына жүрегі ауыратынын жасырмады. Ол өңірде жетім балаларға күніне бір-ақ рет тамақ беріп, балалар үйіне арналған көмек қаражатын жымқырып отырғандар барын жасырмады. Сол себепті, жетім балаларға шынайы көмек көрсететін өз қорын ашқан ару көше кезіп жүрген балаларға барынша жағдай жасауға тырысып жүр.

Жүктелуде...