Той күнін белгілеу үшін нумерологқа барады - құдайға серік әлде санға сенім?
Той күнін белгілеу үшін нумерологқа барады - құдайға серік әлде санға сенім?

"Мен 3 жыл болды нумерологқа барып жүргеніме. Ол мен туралы барлығын айтып бергенде қатты таңқалдым. Мені ең бірінші мазалаған сұрақ мансап болған еді. Туған күнім бойынша есептегенде төрт рет 1 саны шықты. Бұл көпшіліктің алдында жүруді білдіреді екен. Даңқтың, танымалдылықтың коды. Расында солай болды. Содан соң, көпшілікпен жұмыс жасап нәтиже көре бастадым. Сонымен қатар баламның, жолдасымның талантын анықтау үшін де бардым. 100 процент сәйкес келеді. Осы нумерологияның арқасында әр жылда не болатынын алдын ала біліп тұрамын"Нумеролог Құралай Бақытқызының сандарды сөйлетіп жүргеніне де 5 жылдан асыпты. Өз тағдырларын білу үшін жүгінетін адамдардың санында шек жоқ екен. Тіпті, шетелге қоныс аударсам қалай болады, ЭКО жасатуға қай күн ыңғайлы деген сұрақтармен жүгінетіндер өте көп дейді. Құралай БАҚЫТҚЫЗЫ, Нумеролог:
«Көбінде маған келеді 90 пайызы бұрын ажырасқан адамдар. Оның ішінде еркек адамдар өте көп. Әйел адамдар сезімге көп беріледі сол себепті үйлесімділікке қарамайды. Маған нумерологияда еркек адамдар бизнес пен үйленердің алдында махаббат үйлесімділігін сұрауға келеді. Не болмаса үйленердің алдында сәтті күнді таңдау үрдіске айналып кетті. Сұрайды қай күн тұрмыс құруға неке куәлігін алуға сәтті күн деп. Қазір өте көп келеді бизнес».Елорда тұрғындарының да "болжамшыларға" көзқарастарын біліп көрген едік. Қарлығаш БЕКПАТШАҚЫЗЫ, қоғам белсендісі:
«Қарсы емеспін! Ол ғылым. Бірақ оны соншалықты деңгейде зерттеп біліп, шыңына жеткен, сондай ғалымдардың барына көзім жетпейді. Қазіргілер, олардың бәрі ақша табудың жолында жасалынып жатқан тіршілік. Қазіргі заманауи бақсы балгерлердің бір түрі».Сандар арқылы тағдырдағы жазмышты біліп, болашақты болжау немесе мінез-құлық ерекшелігін анықтау дұрыс емес. Бұл тек "адал елге арамза молда" болыптының кері, дейді мамандар.