Алматыдағы Медеу мұз айдынында 16 жастағы қыз зорланды

26 Наурыз, 2019 998 0

NewsROOM+. Күндіз орын алған бұл сұмдық полиция бөлімшесінің мұнының астында болған.

«Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша  Медеу аудандық полиция бөлімі  тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталды және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды» - деп мәлімдеме жасады Алматы қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.  

Осы істің  ақ-қарасын білу мақсатында Немолчи.kz ұйымының мүшелері зорланған қызға емес, істі тергеушіге хабарласқандарын айтып отыр. Және таңданыстарын жасырмайды. 

«Тергеушінің істі қалай жүргізіп жатқанына риза болдым. Әлем өзгеріп жатыр, құрбандарға деген полиция көзқарасы өзгергендей. Мен бұрын құқық қорғау орындарында адал қызметкерлер бар дегенге сенбейтін едім. Бірақ мына жағдай менің ойымды өзгертті», - деді өз эмоциясын жасыра алмай отыр ұйым мүшелері. 

"Осы істі өз жауапкершіліге алған полиция қызметкеріне ерекше алғысын айтып,  «қоғамымызда шынайы патриоттар мен адамды құрмет жоғалмапты. Бұл жемқорлық пен қылмыстың қараңғы торы қаптаған заманда бір жарық сәуледей болды. Біз зардап шегуші қызбен де хабарластық. Ол жалғыз емес, қиындықты жеңе алды. Бастысы әділ төрелігін айтатын тергеуші бар»,-дейді Немолчи.kz ұйымының белсенділері. 

Дереккөз: stan.kz

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.