Жүгеріден пайдалы сусын дайындауда: қазақтың өз тың идеясы

Жүгеріден пайдалы сусын дайындауда: қазақтың өз тың идеясы

ашық дереккөзі

 width= Әлем елдері линолеум, желім, жасанды жібек алып жүрген жүгеріден Қызылордада сусын шығарып жатыр. Аймаққа қарасты Кейден ауылының тұрғыны отандық бизнес саласында бұрын-соңды болмаған кәсіп түрін игеріпті. Ақуыз, көмірсу мен түрлі витаминдерге бай дәнді дақылдан алынған өніммен тек әзірге аталған облыс тұрғындары қамтылып отыр. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

- Кеңес үкіметі тұсында Жаңақорған ауданы Кейден ауылында мал бордақылайтын бірлестік жұмыс жасаған екен. Жергілікті тұрғындар сиыр малын семірту мақсатында мынадай жүгеріні жүз деген гектарға еккен. Алайда, 90-шы жылдары бірлестік жұмысын тоқтатады. Дегенімен тұрғындар әлі күнге дейін осы жүгеріні егумен айналысып келеді.
Мыңға жуық тұрғыны бар Кейден ауылында жүгері жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Науқан кезінде егістік басынан ауылдың жас-кәрісін де кездестіруге болады. Соңғы екі жылдан бері бұл дақылға сұраныс арта түсіпті. Себебі ауылда осы жүгеріден сусын шығаратын өндіріс орны ашылған. Кәсіпорын иесінің айтуынша шырынының адам ағзасына пайдасы мол көрінеді. Қасым ӘБЖАППАРОВ, Жеке кәсіпкер:
«Біріншіден, адам ағзасының асқазанының жүйесін жақсартады, жұмыс істеу жүйесін мысалыға, ас қорыту жүйесін мысалыға. Сосын бүйрек,бауыр, өт жолдарын тазалайтын қасиеттері бар. Сосын бізде көп қой жанағы салмақ тастау, басқа да нерв жүйесінеәсері мол. Сондай өте пайдалы заттар көп. Сосын мына ағарған қосылғаннан кейін тәуелділік артпайды сусынға, шөл басады».
Цехта бүгінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әрқайсының өз міндеті бар. Ал, бұл - кәсіпкерге тиесілі жер. Осы 15 гектарға көктемде жүгері егіледі екен. Жұмысқа тек жергілікті тұрғындар тартылған. Тәжіддин ӘБИЕВ, Кейден ауылының тұрғыны:
«Үш жаз айы бойы осы жүгеріні егеміз. Жинап аламыз, қолдап жинап теріп аламыз. Қазір жұмыс жоқ басқа ауылда. Осы шағын кәсіпті айналдырып жатырмыз. Айлығымыз уақытылы. Ешкімге айтатын шағымымыз жоқ».
Жергілікті билік өкілдері де ауылда соңғы жылдары жағдайдың жақсарғанын алға тартады. Елдімекен Сырдария өзенінен жоғарырақ орналасқандықтан бұнда су тапшы екен. Сондықтан егістік жерлерге қалаған өнімді егу мүмкін емес дейді шенділер. Дегенмен, жыл өте мәселе өз шешімін тауып келе жатқан секілді. Бақтияр Тоқтыбаев, Кейден ауылдық округының әкімі:
"Ауыл түгел жүгері екеннен кейін өнімін осы жерге өткізеді. Ол біріншіден пайда, екіншіден пайданы барлығы бірдей көреді. Бұрын бұл сусын шығарылмаған уақытта көп дәндер қалып кететін, қазір ешқандай шығын жоқ. Кластердің пайдасы осы болып тұр бізге қазір. Малға жем,азық, адамға сусын."
Осы мақсатта ауыл әкімдігі дақыл өсіруге 100 гектар бөлген екен. Осы аумаққа жұрт жүгері егіп, өнімін сусын шығаратын өндіріс орнына тиімді бағамен өткізеді. Ал, кәсіпкер өз кезегінде мұнымен шектеліп қалмай, алдағы уақытта жүгеріден қосымша ұн, консервілер және балаларға поп-корн шығармақшы. Ал, бұл дегеніміз тағы да қосымша жұмыс орындары.  

Жүктелуде...