Коронавирустың жаңа белгісі: іш өтіп, асқазан ішек жолдары ауырады
Коронавирустың жаңа белгісі: іш өтіп, асқазан ішек жолдары ауырады

Егер біз қазігі қатаңдатылған шараларды халық болып сақтайтын болсақ онда жаппай карантин, лодкдаун енгізудің қажеті аса болмайды. Яғни қазіргі талаптарды толығымен орындасақ, онда жағдайдан қиналмай шығуға мүмкіндік бар.Айта кету керек апта бойы індет жұқтыру жайттары біртіндеп өсіп келе жатыр. Қатаң карантинге жабылған Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданын айтпағанда, елімізде біртіндеп алдын алу шаралары қолға алынуда. Маңғыстау мен Атырау облыстарында да тәртіп күшейтілді. Еліміздің бірқатар өңірлерінде шектеу шаралары енгізіледі. Мәселен елорда қызыл аймаққа жатқызылған. Нұр Сұлтанда жеке меншік және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің 60 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Нотариус, бухгалтер, жарнама және туристік қызмет агенттіктері таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін ғана жұмыс істейді. Тұрмыстық техника киім сататын орындарға осындай талап қойылған. Дәмхана, бар, мейрамханаларда клиенттер саны 30 адамнан аспауы шарт жәнее кешкі сағат онда олар жабылуы тиіс. Әр жексенбіде қоғамдық көліктер, автобустардың қызметі тоқтатылады.