Алматы әуежайында Назарбаевты 2000 студент қарсы алды

26 Наурыз, 2019 504 0

NewsROOM+. Алматыда студент жастар Нұрсұлтан Назарбаевты әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жастар Елбасына гүл сыйлап, арнайы плакаттармен күтіп алды.


«Бүгін Алматының ең белсенді жастары еліміздің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін Елбасыға алғыс білдіру үшін жиналды. Соның арқасында біз тәуелсіздіктің ашық аспанында тыныш жүрміз», - деді Халықаралық бизнес университетінің 1-курс студенті Дарья Кислицина.


Студенттер өздерінің мемлекеттік грантпен білім алып жатқандары үшін тұңғыш президентке алғыс білдірді.

«Қазақстанда 140-тан астам ұлт өмір сүреді. Тұңғыш президенттің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Біз оған сол үшін рахмет айтамыз. Мен қазақ тілін де, өз тілімді де толық білемін.Өзім әзірбайжанмын», - деді студент Тұрал Мәмедов.


Кездесуге 2000-ға жуық студенттер «өз еріктерімен» келген. 

Тегтер: нұр-сұлтан, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.