Екі баласын қамап, үйді өртегісі келген ер адам ұсталды
Екі баласын қамап, үйді өртегісі келген ер адам ұсталды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтады. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қаупі туындады.Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылды. Жағдайдың барлық қауіптілігін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев жедел әрекет етті. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.
"Балалардың жағдайы тексеріліп, медициналық көмек қажет еместігін анықталды. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полициясы алып кетті", - делінген хабарламада.