Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

ашық дереккөзі

 width= Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян жуырда Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының нәтижелеріне назар аударды. Сапар аясында Қазақстанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжатқа қол қойылған болатын. Сондай-ақ тараптар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүріп жатқан Түркістанды қайта түлету тақырыбына тоқталды.      

Жүктелуде...