Димаштың Кремльде өткен концерті алдында костюмдері жоғалып кетті

26 Наурыз, 2019 553 0

NewsROOM+. Бұл туралы әншінің анасы баяндады

Светлана Айтбаева Instagram парақшасында әншінің костюмдерінің жоғалып кеткенін айтты. Ол ақтөбелік дизайнерледің қолынан шыққан костюм суретін жариялап, алғысын білдірді. Айтуынша, концертке екі күн қалғанда костюмдер жоғалып кеткен. Қуанышқа орай, кейіннен тауып алыпты. Қазір мұны күліп еске алып отырған көрінеді. 

22-23 наурыз күндері Димаш Кремльде концерт қойды. Концерт аншлагпен өтті. Әнші кешінде жанды дауыста ән шырқап, елді өзіне қаратты. 

Тегтер: димаш, ресей, әнші, концерт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.