weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейіп жатыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейіп жатыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейіп жатыр
ашық дереккөзі
 width= Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен COVID-19 белгісі бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Өткен тәулікте пневмонияның 158 жағдайы тіркеліп, төрт науқас ауру салдарынан көз жұмды. Ал 1 тамыздан бері елімізде 35 717 жағдай тіркелсе, 28 165 науқас сауығып шығып, 380 адам қайтыс болды. Елімізде соңғы бір тәулік ішінде 100 адам коронавирус індетін жұқтырып, 5 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 2 593 адам, оның ішінде 125 бала коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Ауруханаларда 1 995 науқас, амбулаториялық деңгейде 598 пациент ем қабылдауда. 80 адамның жағдайы ауыр, 13-і өте ауыр және 12 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Еске салайық, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 109 302-ге жетті. Оның ішінде 104 921 науқас айығып шығып, 1 768 адам көз жұмды.