Қазақтың шенеуніктерін тойымсыз әйелдері жемқор етті - психологтар

Қазақтың шенеуніктерін тойымсыз әйелдері жемқор етті - психологтар

Жастар бәсекені жақсы көреді. Бір отбасы шетелге барып жатса, қара, ал біз бармай жатырмыз дегендей. Қазіргі таңда әр отбасыда белгілі 2-3 баладан кем. Олардың әйелдері жұмыс істемеуі мүмкін. Белгілі ұйымдастырушы, итермелеуші құрылғы ма? Отбасыға қасындағы жары, туыстары, әсер етуі мүмкін. Саналы түрде емес.Психолог Гүлбану Үмбетжанованың пікірін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығармайды. Біреуі тойып секірсе, біреуі тоңып секіреді, дейді Расул Медетов. Расул Медетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры:
Бұл белгілі бір дәрежеде отбасы мүшелерінің, сол мемлекеттік қызметішінің айналасындағы достарының, белгілі бір моральдық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық фактілеріне септігін тигізеді деген. Осындай теориялар бар. Ең көбі негізінде әкімшіліктерде. Өйткені сол салада әкімшіліктерде қаражаттың көп бөлігі шоғырланады. Одан бөлек Ішкі істер органдары келтіріп жатады.Одан бөлек, шенеуніктердің әйелдері бизнестерін дөңгелеткені де анықталды. Күні кеше Атырау облысында 184 шенеуніктің жұбайы кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды. Бірақ заң бойынша олар кәсіпкерлікпен айналыса алады. Дегенмен... Расул Медетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры:
Оларға қатысты ешқандай шек жоқ. Кәсіпкеркелікпен айналыса алады. Салық департаментінің әйелдері бизнеспен айналысатыны анықталды. Заң бұзушылық емес, бірақ ескерту қойылды.Қоғам белсендісі Айша Құрманғали әйелдер ер азаматтардың артық қадам жасауына, заңбұзушылыққа баруына ықпал ететінін жасырмайды. Өйткені әйел адамның қызығушылығы, құрбылармен бәскелестігі жолдасына талап қоюына түрткі болады. Айша Құрманғали, қоғам белсендісі, журналист:
Әсіресе басшылардың әйелдері қымбат тон, көлік, әшекей тағуға құштар болып кетті. Денгенмен әйел қанағатшыл болса, ер адамдардың жемқорлыққа баруына асыра сілтеп, ықпал етпес етер еді. Әйел ойлау керек. Табысты қайдан тауып жатқанына бәріне назар аударып бір мезгіл ойлану керек.Қысқасы, әйел заты ер азаматының абыройын ойлауы тиіс. Ашкөздіккке, бәскелестікке бой ұрса, оның түбі жақсылыққа алып бармайды, дейді сарапашылар.