Ағайынды үшем әскери борышын бірге өтеуде

Ағайынды үшем әскери борышын бірге өтеуде

ашық дереккөзі

 width= 18 жастағы ағайынды үшем Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер осы жылдың көктемінде құқықтық тәртіп әскерлерінің қатарына шақырылған. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап. Ағайынды Зеккеновтар дүние есігін ашқалы бері әрқашан бірге. «Болашақ» академиясының колледжін «Су көлігін пайдалану» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін балаларды мерзімді қызметке шақырған. Сол кезде де олар ажыратпауды өтінген. Оған жергілікті қорғаныс істер департаменті қол ұшын созып, бір әскери бөлімге жіберді. Үшем психологиялық тест тапсырған кезде олардың түр-әлпеті сәйкес келді. Ағайындылардың өздері бұған үйреніп қалған.  width=

«Алайда бір айырмашылық бар: Ақарыстың бойы екі бауырынан төрт сантиметрге ұзын – 178 болса, Бекарыс пен Жанарыстың бойы - 174 сантиметр. Алайда бұл ағайындылардың дене шынықтыруда бірдей нәтиже көрсетуіне кедергі келтірмейді. Олар әскерге қызмет етуге дайындалу барысында, олар бұл үшін арнайы спортпен шұғылданып, 100 м және 3 шақырымға жүгіруде және бел темір тартылуда бірдей көрсеткіштерді көрсетті. Айта кетейік, үшеуі де спортпен айналысады. Ақарыс пен Бекарыс тоғыз жасынан бастап «каратэ-до» спорт секциясында қатысқан. Сол уақыт ішінде ағайындылар «каратэ-до» бойынша облыстық және қалалық спорттық турнирлерге қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Ал Жанарыс самбо күресінен спорт шеберінің кандидаты атанды» деп мәлім етті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтанов.
Айта кетейік, 5517 әскери бөлімінде бірден үшемнің әскерге шақырылу жағдайы ешқашан болмаған.
«Құқық тәртібі әскерлерінде қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Себебі, Ұлттық ұлан әскерлерінің қатарында қызмет ету, өмірде өзінің лайықты орнын табуға көмектесетін барлық заманауи жағдайларға ие болу ел Президентінің жастарға деген жоғары назары мен қамқорлығының нәтижесі», - дейді Бекарыс Зеккенов.
«Ұлттық ұлан әскерлеріне мерзімді қызметке қазір шынымен де үздік жастар келеді, - дейді 5517 әскери бөлімі батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Дамир Жәкенов.
- Жауапты, сауатты, рухы мен денесі мықты, моральдық тұрғыдан шыныққан. Өйткені, қысқа мерзім ішінде біз оларды нағыз Отан қорғаушы етіп дайындап шығаруымыз керек. Менің тәжірибемде ағайынды үшемнің мерзімді әскери қызмет өткеруі - бірінші жағдай. Бұған дейін тек егіздерді көргенмін. Қазір ағайынды үшем Орал қаласында қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметін мінсіз, абыроймен атқарып келеді».
Отан алдындағы әскери борышын аяқтағаннан кейін ағайынды Зеккеновтар туған қаласы Ақтауға оралады. Содан кейін олар жоғары білім алып, заңгер мамандығын меңгеруді, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.  

Жүктелуде...