Асыл адам айнымас: Түркі академиясы танымдық шара өткізді

Асыл адам айнымас: Түркі академиясы танымдық шара өткізді

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана ғимаратында көрнекті ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына арналған «Асыл адам айнымас» атты алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркі академиясының ресми сайтына сілтеме жасап. Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, танымал абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, антрополог ғалым, академик Оразақ Смағұлұлы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры Тахир Балықбаев, сонымен қатар бірқатар ғылыми институт басшылары мен белгілі ғалымдар қатысты.   Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Құттықтау хатын жеткізген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қос мерейтой иесіне арнайы құрмет көрсетті. Өз кезегінде Қырымбек Елеуұлы Абай жылында өтіп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, М.Мырзахметұлы мен  О.Смағұлұлының отандық ғылымның дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтті.  width=Басқосу барысында Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының жаңа шыққан еңбектері таныстырылды.  width=  width=Атап айтқанда, бүгінгі бас абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың шығыстық әлемі» деп аталатын Түркі академиясы жарыққа шығарған қомақты еңбегі абайтану саласының кеңес дәуірінде айтылмай келген көптеген ақиқатын жан-жақты зерделеп көрсетеді. Ал отандық антропология ғылымының негізін салушы Оразақ Смағұлұлының «Қазақ халқы және ата тегі» атты еңбегі (А.Смағұловамен бірге) мыңжылдықтардан тамыр тартатын тарихымызды антропологиялық тұрғыдан терең талдап, қазақ халқының арғы тегін ғылыми дәйектермен айқындап береді. Айта кету керек, оқырманға жол тартқан бұл бірегей басылымдар ғылымға, түркология саласына қосылған айтулы олжа болып саналады. Академия басшысы Дархан Қыдырәлі профессор Мекемтас Мырзахметұлына Түркі академиясының «Алтын» медалін, ал академик Оразақ Смағұлұлына «Вильгельм Томсен» медалін табыс етті.  width= width= Алқалы жиын аясында мерейтой иелерінің Ұлттық кітапхана қорындағы ғылыми еңбектері бойынша «Ұлтын ұлықтаған тұлғалар» атты арнайы көрме ұйымдастырылып, Түркі академиясының басылымдары көрермен назарына ұсынылды.  width=

Жүктелуде...