Жаңалықтар

Зейнетақы қоры шоттағы ақшасының азайғанына алаңдаған қазақстандықтарға жауап берді

Зейнетақы қоры шоттағы ақшасының азайғанына алаңдаған қазақстандықтарға жауап берді

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың шотында ақша неге "азайғанын" түсіндірді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап. 
"Соңғы күндері бізге "менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?" деген сауал көп қойылатын болды. Мәселенің басын ашып алайық. Зейнетақы жинағы – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы. Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді", - деп жазды қор әлеуметтік желідегі парақшасында. Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинағын инвестициялау нәтижесінде алынатын табыс. Зейнетақы активтерін ұлттық банк басқарады. БЖЗҚ зейнетақы жинағы әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар) инвестицияланатынын атап өтті. Олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғаюы немесе азаюы мүмкін. "Инвестициялық табыс күн сайын есептелетіндіктен, зейнетақы жинағының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан, егер инвестициялық кіріс төмен болса, шоттағы жинақ та азаяды, инвестициялық табыс жоғары болса, зейнетақы жинағы да ұлғаяды", - деп түсіндірді зейнетақы қорынан. Қор ақпаратынша, жыл басынан бері салымшылардың шотына 661,7 миллиард теңгеден аса инвестициялық табыс түскен. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6%-ке және соңғы 12 айдағы табыстан 12%-ке артық. "Құрметті салымшылар! "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға сәйкес, сіздің жинағыңыз тек сіздің меншігіңіз болып қалады", -деп сендірді БЖЗҚ.