Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге қолғап сатып алды (ВИДЕО)

27 Мамыр, 2018 1049 0

Атырауда Әлемдік бокс сериясы, VIII маусымының жартылай финалдық кездесуі аяқталды. WSB жобасының үш дүркін чемпионы, “Astana Arlans” командасы Ұлыбританияның «BritishLionhearts» құрамасымен кездесті. Екі команда арасындағы кездесуді тамашалауға 3 мың көрермен келді деп жазады Stan.kz.


“Astana Arlans” командасында Сакен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг), Қамшыбек Кункабаев (+91 кг).


Кездесу қорытындысы бойынша, “Astana Arlans” командасының боксшылары 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.

Матч соңында қайырымдылық аукцион ұйымдастырылып, “Astana Arlans” спортшыларының қолғаптары сатылды. Аукционнан 7 миллион теңге ақша түсті. Боксшылардың бірінің қолғабын Ақтау тұрғыны 3 миллион 700 мың теңгеге сатып алды. Ал әнші Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге қолғап сатып алды.

Аукционнан түскен ақша аса ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалады.

https://youtu.be/25vkzEGj37Y




Тегтер: бокс, спорт, қайырымдылық, аукцион, қолғап, Әуелбекова, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.