Жаңалықтар

Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Тағы 22 адам қауіпті вирус жұқтырды, республикада індетке шалдыққан науқастар саны 1615 адамға жетіп отыр. Республикада тағы жиырма екі адам індетке шалдықты, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. "18 сәуір 17:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы облысына - 2, Шымкент қаласында - 1, Павлодар облысында - 1, Алматы қаласында - 1, Ақтөбе облысында – 2", - делінген хабарламада.
Осылайша республикада барлығы 1615 науқас дертке шалдықты. 366 пациент жазылып шықты, он жеті адам қайтыс болды.
  • Нұр-Сұлтан қаласы –  365
  • Алматы қаласында – 505
  • Қарағанды облысында – 89
  • Ақмола облысында - 81
  • Атырау облысында – 76
  • Жамбыл облысында – 58
  • Шымкент қаласында - 58
  • Шығыс Қазақстан облысында – 8
  • Алматы облысында - 41
  • Ақтөбе облысында - 27
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 29
  • Павлодар облысында - 18
  • Маңғыстау облысында - 12
  • Қызылорда облысында – 143
  • Батыс Қазақстан облысында – 39
  • Түркістан облысында - 57
  • Қостанай облысында – 9.