Елімізде шетелдіктер коронавирустан тегін емделуге мүмкіндік алды

Елімізде шетелдіктер коронавирустан тегін емделуге мүмкіндік алды

ашық дереккөзі

 width= Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мен пана іздегендер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында коронавирустан тегін емделе алады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы бұйрығы ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 12 қазанда тіркелген. Шетелдіктерге тегін медициналық көмек алуға құқық беретін аурулардың жаңа тізбесі 23 тармақтан тұрады: - Дифтерия; - Қызылша; - Қызамық; - Көкжөтел; - Скарлатина; - Желшешек; - Эпидемиялық паротит; - А, В, С паратифтері; - Полиомиелит; - Менингококк инфекциясы; - Тырысқақ; - Іш сүзегі; - Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез)); - Күйдіргінің өкпелік түрі; - Оба; - Вирустық геморрагиялық қызбалар; - Сары қызба; - А, Е вирустық гепатиттері; - Безгек; - Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы; - Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС); - Коронавирус инфекциясы.

Жүктелуде...