Ауыр дертті жеңіп шығу үшін отандастарымыз қолда бар мүмкіндікті жасап қалуға үлес қосуда.
Бүгін Сайрам ауданының имамдары мен "Еріктілер қоғамы", ауданның бас имамы Темірбек Сейдахметтің ұйымдастыруымен мұсылман жамағаты атынан Сайрам аудандық орталық ауруханасына 6 оттегі концентраторын табыс етті.
Бәрімізге мәлім болғандай, өткен маусымда елімізде коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты аурудың асқынуы және өлім санының күрт артуы қанның қажетті кезде оттегімен қанықпауы салдарынан да туындаған-ды.
Дәрігерлердің айтуынша, қандағы оттегінің төмендеуіне жеткізбей, науқастарды жансақтау бөліміне әкелмей-ақ емдеуге болатын амалдар бар.
Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қалдыбай Ыдырысов ерекше алғысын айтып, бұл оттегі қанықтылығы төмен науқастарға шын мәнінде өмір сүру мүмкіндігін беретінін ескертіп, науқастардың жанын сақтауға үлесін қосып жатқан мұсылман жамағатына аурухана ұжымы атынан ризашылығын білдірді.