Ол бағыты буддист-мыстан: белгілі әнші Құралай ханымның бар шындығын ашты

Ол бағыты буддист-мыстан: белгілі әнші Құралай ханымның бар шындығын ашты

ашық дереккөзі

 width= Белгілі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіде "Құралай ханым" атауымен таныс психолог, мотивация бергіш блоггерді сынап, насихаттап жүрген дүниелерінің дінге қайшы екенін жазып тағы да пост қалдырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.  width= Айгүл Елшібаева: «Инстацыгандардың елдің басын айналдырып ақша табу мақсатында, мыстандық мектепті қалыптастырып, діни сауаты аз адамдарға дуалауды үйреткен атақты мыстанды жариялағаным үшін, пияр үшін, подписчик жинау үшін жасап жатыр -,деген құйтырқы ібілістің әрекетіне жауабым. Әр қайсысы мыңға татитын руханияттың мөлдір бұлағының тұмасынан қанып ішкен, ұлттық құндылық пен дінитаным-түсінігі мол жүз нөкерлерімнің санасын улай алмайсыңдар ғой, оларға қанша рет дайректеріне сообщение жіберсеңдер де. Атақты мыстанның нөкерлерін заблокировать еткесін діңкелері құрып, нөкеріме жекеге шығып түсіндіре бастапты. Әй, ібілістің әскерлері, қазақ мұсылман халық тілінде - кәлима, жүрегінде - Алласы бар. Діни сауаты аздарды арбап, ақша үшін бәріне барған билікқұмар, псевдопсихолог мыстанның елге жасаған қиянаты әшкерелегесін,аудиториясыннан айрыламын деп, не істерін білмегені ғой. Бұл 40-күн дұға деп жаттатқан дуада отбасынан ажыраған әйел, келіні өліп, қыздары комаға түсіп өліп қалған, отбасы ойран болған, бизнесі кері кеткен тағдырлардың зары бар. Абжатты сатып ал деп емес, абжатты теріс дуаға айналдырып, жынмен әрекет еткен, бизнестің көзіне айналдырған сиқыршы, гипноз шамбалы, будданың сиқырымен елді пайдаланған алаяқтың әрекеті мені шошытқаны рас. Бұған ақыретте жауабын беретін өзі. Менің ойым:

Адал жүріп шын сөйле Асығың түсер алшыдан. Адал еңбек етпесеңіз абырой, Атақ, шіркін, келе ма оңай-,деп жыр жаттап өскен жыршының теріс жолға түспесін деген ниеті, елді сақтандыру еді.
Сондықтан ашығы, атақты психолог Анна ханымның алдында психология ғылымынан жұрдай екенің көрсеткен, өзін коучпын ақтап алғысы келген дипломы жоқ, Пірі-буддист-Правдинаны қазақшалаған аудармашы псевдопсихолог- Құралай. Ошақбаеваның барлық қылмысы дәлелімен парақшамда сақтаулы. Менің мақсатым өзім мұсылман болғасын, дуа мен сиқырға қарсы болған пайғамбарымыздың жолы еді. Бұл жазба Адалдықтың ақ жолымен жүргенге құлақ қағыс, будда дініндегі, гипноз, магиямен айналысқан, қанатын жайып ақшалылардың энергиясын сорған дуалауды жалғастырған сиқыршы , дуакештерге қатысы жоқ. Алла тура жолдан айырмасын!». Дәл осылай өз ашуын, ренішін, халқына деген аяушылық сезіммен жазылған жазбасы көптің көңілінде жүрген сөздерді жеткізді. Бірі ойымен келісіп, бірі даттап жатса да әнші көп уақыттан бері Құралай ханымның әр постына өз пікірін білдіреді.

Жүктелуде...