Әйелін бір жылдан астам уақыт әжетханаға қамап, өміріне аса ауыр зиян келтірген

Әйелін бір жылдан астам уақыт әжетханаға қамап, өміріне аса ауыр зиян келтірген

ашық дереккөзі

 width= Үндістанда 18 ай бойы әжетханада қамалып отыруға мәжбүр болған әйел құтқарылды. Күйеуінен жәбір көрген келіншек әбден ашыққан. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды. Қорқынышты жағдай Үндістанның Дели қаласынан солтүстікте орналасқан Панипат ауылында болған. Ауыл тұрғыны көлемі бір шарты метрден аспайтын әжетханасында өз әйелін бір жарым жыл бойы қамауда ұстаған. Онымен қоймай, әйелге дұрыс тамақ пен сусын бермей әбден ашықтырыпты. Бұл жайтқа бей-жай қарай алмаған көршілері полицияның көмегіне жүгінуді жөн санайды.  width= Офицердің сөзіне сенсек, ерлі-зайыптылардың көршілері шағымданғаннан кейін әйелді құтқаруға келген тәртіп сақшылары оның өлімші күйге түскенін байқаған. Ас-сусыз әбден ашыққан әйел өз бетінше қозғала алмайтын күйге түсіп, әбден әлсірепті. Жәбірленушіні ауруханаға жеткізер алдында полиция жанашырлық танытып, оған бидайдан жасалған шелпек ұсынады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ерлі-зайыптылардың 17 жылға созылған некесінен 11 мен 15 жас аралығындағы үш баласы бар. Өз ісі үшін ақталуға тырысқан ер адам әйелі есінен адасқандықтан, осындай әрекетке барғанына сендірмек болды.   Айтуынша, ол "есінен адасқан әйелінен балаларын құтқару" үшін оны дәретханаға жасырыпты. Бірақ ол бұл сөздеріне ешқандай құжаттық дәлелдемелер бере алмады. Әйелдерді қорғау жөніндегі офицер ер адамның бұл сөзіне сенбегендіктен, оның түсініктемесін қабылдамапты. Себебі ол зардап шегушіні құтқарған сәтте одан ешқандай психикалық ауытқуды байқамаған екен. Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда жалдамалы пәтерлерде қыз зорлау қылмысы көбейгенін жазған едік. Одан бөлек, Қызылорда облысында оқушы қызын ауылдастары зорлағанын айтқан ана жанайқайын жеткізгенін жазған болатынбыз.

Жүктелуде...