Жақсының артынан сөз ереді

Жақсының артынан сөз ереді

ашық дереккөзі

 width= Youtube желісіндегі «Бәсе» каналында Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Сқақовтың халықтың жерін тартып алып жатыр - деген видео материал жарияланған болатын. Алайда Мақсат Сқақов бұл ақпараттың жалған екенін айтып, өзінің facebook және instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Каналды жүргізушілердің айтуынша, олар халықтың күріш егілген 1000 гектарға жуық жерін күшпен тартып алған-мыс. Заң бойынша ол жерлер халыққа тиесілі екен.

«Тоқаевтың кеңесшісі Мақсат Сқақов үкіметке қалай жағынуды біледі. Бұл видео Қызылорда облысында түсірілген. Оның інісі Азаматтың адамдары Тоқмағамбетов ауылындағы шаруалардың жерін тартып алып жатыр», – дейді «Бәсе» каналында жарияланған видео мәліметте.
https://www.youtube.com/watch?v=FFPEGpTUYEY&feature=youtu.be Тұрғындардың айтуынша, 11 қазан күні Азамат Сқақов бастаған 30 адамнан тұратын топ оларға тиісіп, жерлерін тартып алған. Жылқыға мінген олар адамдарды қамшымен және металдан жасалған таяқтармен ұрған-мыс. Ал канал жүргізушілері Мақсат пен Азамат Сқақовтар күріш өндіруден пайданың көп болатынын түсініп отыр деген пікірде. Сол себепті олар бұл жерлерді өз меншіктеріне алғысы келеді екен. Мақсат Сқақов бұл ақпараттың жалған екенін айтты. Сонымен қатар президент кеңесшісі бұл жалған ақпаратты «Бәсе» каналына берген адамдарды да білетін болып шықты. https://www.youtube.com/watch?v=q6xIhHjY2gQ&feature=youtu.be «Биыл менің ауылдан кеткеніме 25-жыл болыпты. Туған Асқар Тоқмағанбетов ауылымда менің 1 сотықта жерім жоқ. Әке-шешеммен бауырымның сонда тұратыны рас. Көктемде халықпен кәсіпкердің 105 гектар егістікке келісім шарт жасасқаны белгілі болды. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» – демекші проблеманың барлығы егін жинау науқанында басталды. 1,5 айдан бері Инвестор жалдаған «Күзет қызметі» жұртқа адал еңбегімен еккен 105 гектар жерден орылған астықтан бір түйір дән бермеймін" – деп халыққа автоматтан оқ атып, автокөлікпен басқандарының барлығы бейнетаспаға түскен. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. «Суға кеткен тал қармайды» – демекші мына проблемалардан арылу үшін жаптың бетін жалған ақпаратпен маған бұрғанына таң қаламын. Алланың алдында да, адамның алдында да арым таза», – дейді Мақсат Сқақов.
P.S. Егер М.Сқақовқа қатысты бұл дәйектер рас болса, Украиндағы "БӘСЕ-ге" бергенше, неге Қазақстандағы сотқа бермейді?...

Жүктелуде...