Buginnen basta: Еңбегіңіз бағаланады!

25 Наурыз, 2019 613 0

1 b – 1 теңге

"Buginnen basta" ұранымен келе жатқан Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы –  ұлттың болашағына және дамуына, оның ұлттық идеологиясына негізделген бағытта жұмыс жасап жатқан, БАҚ саласына үлкен өзгерістер әкелуге бағыт алған бірегей жоба.

Bugin.kz – сайт қана емес, бұл медиа платформа. Бұл арнайы журналистерден құралған орта емес, бұл нағыз тәуелсіз авторлар ортасы.

Жарты жыл ішінде үлкен белестерді бағындырмаса да, өзінің алған жолынан танбай келе жатқан платформа о бастағы қолға алған бірегей әрі қайталанбас жобасын іске қосты.

1 b. – 1 теңге

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы әр автордың жазған мақаласы арқылы жинаған (b.) көрсеткіші үшін ақша төлеуге дайын:

Бүгіннен бастап сайтқа автор ретінде тіркеліп мақала жазған әрбір автор төмендегі шарт бойынша 150 000 теңге (қолыңызға 135 000 теңге ала аласыз. Қалған сома комиссия үшін ұсталады) табуға мүмкіндік алады:

-         Автордың бір мақаласы ғана 150 000 b. жинауға міндетті емес. Яғни, автордың 10 немесе 100 мақаласы жинақталып барып 150 мың b. жинауы мүмкін. Ең бастысы b. көрсеткіші 150 мыңға жетуі керек;

-         Әр авторға шектеу жоқ. Күніне қанша мақала берсе де өз еркінде. Бастысы сайт ұжымының талабына сай, мақала тартымды және фактіге негізделуі керек;

-         Тек журналистер ғана емес, ақын-жазушылар да өздерінің еңбектерін (поэзия, проза) ұсынып, сайтқа шығару арқылы b. жинап 135 000 теңге алуға мүмкіндік алады;

Bugin көрсеткіші: көрілім, бөлісу және пікір қалдыру секілді формула арқылы есептеледі. Формула арнайы автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасайды. Сізге тек автор ретінде тіркеліп мақала беру керек.

Мақала бірден сайт бетінде жарық көрмейді. Сайт әкімшілігі мақаланы қарап шыққан соң барып жарыққа шығады.

Кез келген тақырып қамтылады. Арнайы бір тақырып аясында шектеліп қалу жоқ.

Сайтқа тіркелу үшін:

-         «Тіркелу» батырмасын басыңыз;

-         Бос орындарды толық толтыру керек (толық аты-жөніңіз маңызды);

-         Кез келген электронды пошта арқылы тіркелуге болады;

Ескерту: Сізбен байланысқа шығу үшін электронды поштаңыз тұрақты қолданыста болуы міндетті.

Авторлар туралы кесте сайттың оң жақ шетінде орналасады. Төмендегі суретте көрініп тұрғандай «Танымал авторлар» рейтингісіне кіруге мүмкіндік аласыз.

Ескерту: Мақала ең бірінші Bugin.kz тәуелсіз авторлар плаформасында жарық көруі керек. Көшірме мақала автоматты түрде өшіріледі. Автоматтандырылған жүйе бойынша, көшірме мақала көрініп тұрады.

Сіз бізге сапалы әрі танымы кең мақала немесе ақпарат бере отырып 150 000 (b.) жинайсыз, біз сізге жиған бүгініңізді ақшаға айналдырып береміз.

Buginnen basta – табыс көзі ғана емес, еңбегіңді бағалау.

Қосымша сұрақтар бойынша:

Тел.: 8778-605-08-01 (WhatsApp)

Электронды пошта: margulan.aqan@bugin.kz

Тегтер: Buginnenbasta

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.