Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25 Наурыз, 2019 630 0

NewsROOM+. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Айдос Ыдырысұлы Үкібай Елбасының баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы, Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі, Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.



Тегтер: назарбаев, экс-президент, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.