Жаңалықтар

Сайрамда жаңа мешіт ашылды.

Сайрамда жаңа мешіт ашылды.

   width=
   Бүгін Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінің жамағатына «Арыс» мешітінің жаңа ғимараты есігін айқара ашты.
   Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
   Зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары бас қосқан жиында құттықтау алған Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы:
   – Мешітке кез келген адам ізгілік іздеп келеді. «Мешіт» – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж адамның жанына тыныштық табатын, сондай бір қасиетті ұлық мекен. Бұл – имандылықтың, имандылықтың, білімнің, ғылымның ордасы – деп атап өтті.
   Бұдан кейін Наурызбай қажы Тағанұлы Сайрам ауданына жасаған сапарын Арыс ауыл округінде жалғастырды. Қожақорған ауылында тұратын отбасына тұрғын үйдің кілтін табыстады.
   Бұл ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асқан 273-ші баспана, Сайрам ауданының тұрғыны Халмұрат Хайдарбековтің отбасына бұйырды.
   ҚМДБ-ның 30жылдығына орай атқарылған іс-шаралар аясында Арыс аулында қазылған құдық та бүгін қолданысқа берілді.
   «Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді» дегенді алға тартқан Бас муфти сауабы мол істі жасаған қайырымды азаматтарға алғысын айтып елге бақ-береке тіледі.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі