1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған.
Осы атаулы мереке қарсаңында, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы 100 жасқа толған және 100 жастан асқан қарттарды құттықтау мақсатында, аудан әкімі Ұ.Сәдібековтың атынан арнайы құттықтау хатымен орынбасары Мадияр Оразалиев Ақсукент, Манкент, Қарамұрт ауылдық округтерінің тұрғындары Тұрымбетова Аршын, Ратаева Курван аналарымызды және Анарметов Мамматкул қариямызды марапаттады.
Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Асқар тау әкелеріміз бен ақ жаулықты аналарымыз - халықтың тұнып тұрған берекесі. Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін деген ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтарды табыстады.