Жаңалықтар

КӨЛКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГIНДЕ ЖАҢА ӘКІМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН БАСТАДЫ

Аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлы аудандық мәслихат депутаттарының сайлау нәтижесіне сәйкес, ең көп дауыс жинаған үміткер - Юлдашов Уткиржон Авазхоновичті Көлкент ауылдық округiнiң әкімі қызметіне тағайындау туралы өкімiн таныстырды. Уткиржон Авазхонович Сайрам ауданының тумасы. 1977 жылы 5 қаңтарда Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Ташкент мемлекеттік Аграрлық университетіне түсіп, 1999 жылы "Ғалым - Аграном" мамандығы бойынша біліктілік алған. Еңбек жолын 2002 жылы 26 мауысымда Көлкент ауылдық округi әкімі аппаратында әскери есеп столы бойынша маман болып бастап, 2006 жылы әскери есеп столы бойынша бас маман болып қайта тағайындалды. 2011 жылы ішкі конкурстық комиссиянын шешімімен бас маман-жер инспекторы болып ауысты. 2020 жылдың 13 қазанына дейін осы қызметін жалғастырған У.Юлдашев отбасылы. 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде. Көлкент ауылдық округiнiң әкімін тағайындау жиынына аудан активті мен әріптестері қатысып, У.Юлдашевті жаңа лауазымымен құттықтады. Аудан басшысы Көлкент ауылдық округі әкім аппаратының ұжымы жаңа басшылықпен бірге алдағы уақытта да ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруiне адал қызмет етіп, мемлекеттік саясатты дұрыс жүргізетініне сенім білдірді. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі