Қаламқас кен орнындағы апат өртке ұласты

25 Наурыз, 2019 692 0

NewsROOM+. Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газ-суаралас қоспа атқылап, аумақ отқа оранған

Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында өрт шықты, деп хабарлайды, төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

"Өрт 10 метр биіктік пен 900 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне бүгін таңертең сағат 07:10-де өрт туралы хабар түсіпті.

Тілсіз жаумен күресуге "Семсер Өрт Сөндіруші" ЖШС мен "Қаражанбас" ЖШС өртке қарсы қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндіруге барлығы 14 адам мен 4 техника қатысқан.

Айта кетсек, бұған дейін 13 наурызда Қаламқас кен орнында төтенше жағдай болып, газ-суаралас қоспа атқылаған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдемесінде айтылғандай, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дерек көзі: sputniknews.kz




Тегтер: қаламқас, кенорны, өрт, апат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.