Түркия: түркітілдес елдер Әзірбайжанды қолдайық!

Түркия: түркітілдес елдер Әзірбайжанды қолдайық!

ашық дереккөзі

 width= Түркия түркітілдес мемлекеттерді Әзірбайжанды қолдауға шақырды. Бұл туралы 15-қазанда сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді. «Түркітілдес мемлекеттер Әзірбайжанмен бірге екенін көрсетуі тиіс. Анкара үнемі Бакуды жақтап, тарихи жерін кері қайтаруын қолдап келеді», — деді ол. «Соңғы уақыттағы Арменияның арандату әрекеттері тоқтар емес. Армения Әзірбайжан жерін шабуылдауда. Өкінішке орай кей елдер Армения мен Әзірбайжанның әрекетін теңдей сипаттағысы келеді. Ол елдер БҰҰ мен ЕҚЫҰ шешімдерін көзге ілмеуде. Сондықтан Әзірбайжанды қолдау қазір өте маңызды», — деді Чавушоғлы.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...