Алексей Цой жұмыс сапарымен А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ға барды

Алексей Цой жұмыс сапарымен А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ға барды

ашық дереккөзі

 width= Бүгін ҚР ДСМ министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен А.Н Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына барды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ көптеген жылдар бойы отандық хирургияның флагманы, республикамыздың халқына жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету жөніндегі ұйымдастырушы-әдістемелік және үйлестіруші орталық. Бүгінгі таңда аталмыш орталық еліміздегі хирургиялық араласулардың барлық түрлері орындалатын, сондай-ақ трансплантологиялық көмек көрсететін көпбейінді медициналық орталықтардың арасында жетекші орында тұр. Жұмыс сапары барысында министр А. Цойды «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ-ның Басқарма төрағасы Б.Баймаханов орталық қызметінің нәтижелерімен таныстырды. ҚР ДСМ министрі Алексей Цой диагностикалық орталықтың, сондай-ақ клиникалық бөлімшелердің, клиникалық-диагностикалық зертхананың жұмысымен танысты. Сонымен қатар рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінде болып, мұндағы ангиографиялық операция бөлмесінің жұмысынан ақпарат алды. Одан кейін операциялық блокта бауыр, бүйрек трансплантациясы жасалған науқастардың жағдайларымен танысып, науқастардың тезірек сауығуына тілектестігін білдірді. Өз сапарының соңында ҚР ДСМ басшысы Орталықтың жұмыс сапасы мен деңгейін жоғары бағалап, ұжымның жұмысына толағай табыс тіледі.

Жүктелуде...