Бұл - Қырғызстанның жаңа басшысы. Конституцияға сәйкес енді мемлекет басшысының қызметін парламент спикері атқаруы керек. Ал қазір 45 жастағы Қанатбек Исаев дәл осы қызметте, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бүгін таңертең ол Жээнбековті отставкаға кетпеуге шақырды.
«Ол қазір қызметінен кетпеуі керек. Бұл дұрыс емес және бұның салдарынан жаңа толқулар тууы мүмкін», - дейді ол.
Айта кетейік, Жээнбеков бүгін халқына жасаған үндеуінде отставкаға кететінін хабарлаған болатын.