Маңғыстауда І және II деңгейлі инфекциялық стационарларда 50 науқас жатыр
NewsRoom
Маңғыстауда І және II деңгейлі инфекциялық стационарларда 50 науқас жатыр
Маңғыстау облысында 15 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатқан науқастардың саны-50. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурханаға түскен науқастың 44-і коронавирустық пневмониямен ауырып жатыр. Қалған 6-да коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 4 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 23 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.