Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Маңғыстауда І және II деңгейлі инфекциялық стационарларда 50 науқас жатыр

Маңғыстауда І және II деңгейлі инфекциялық стационарларда 50 науқас жатыр

Маңғыстауда І және II деңгейлі инфекциялық стационарларда 50 науқас жатыр
ашық дереккөзі
 width= Маңғыстау облысында 15 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатқан  науқастардың саны-50. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап хабарлайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурханаға түскен науқастың 44-і коронавирустық пневмониямен ауырып жатыр. Қалған 6-да коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 4 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 23 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ реанимациялық төсек саны 43. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату