Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

Қоғам қайраткері, ғалым, математика профессоры Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемориалдық тақта Қарағанды қаласы, Абай көшесі, 58-үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Әлімхан Ермеков Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970) - «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі. Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысында, қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
