Алексей Цой Алматыдағы ПТР зертханаларының жұмысымен танысты

Алексей Цой Алматыдағы ПТР зертханаларының жұмысымен танысты

ашық дереккөзі

 width= Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына барды. Министр КАМАЗ-ға тіркелген шассидегі төрт мобильді зертханамен танысты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Зертханалар санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту және инфекциялық ауруларға, COVID-19 індетіне жедел көңіл бөлу, індетті дер кезінде емдеу шараларына дайындық аясында Денсаулық сақтау министрлігінің қаражаты есебінен сатып алынды. ПТР зертханалар екінші деңгейлі биологиялық қорғаныс бокстарымен, автономды энергия, шығын материалдарының қажетті жиынтығымен жабдықталған. Жылжымалы зертханалар далада аса қауіпті инфекцияларға зертханалық зерттеулердің толық спектрін орындауға, дербес және инфекциялық ауру ошағында медициналық мекеме жанындағы іссапарға жіберілген стационарлық зертхана ретінде жұмыс істей алады. Айта кету керек, бұл зертханалар толығымен Қазақстанда құрастырылған: шасси «КАМАЗ-Инжиниринг» компаниясында (Көкшетау қаласы), фургон, зертханалық және қосалқы жабдықтарды қазақстандық «Тополь» компаниясы (Алматы) жасаған. Бұған дейін ұлттық орталықтың Жамбыл, Ақтау, Атырау өңірлік филиалдарына осыған ұқсас үш зертхана жіберілген болатын. Біреуі Қазақстанның кез-келген нүктесінде санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдай кезінде медициналық мекемелер жылдам жауап беруі үшін резерв ретінде орналастырылған.  

Жүктелуде...