Қырғызстанда Бішкектің атын өзгерту ұсынылды

24 Наурыз, 2019 692 0

NewsROOM+. Қырғызстан президент аппаратының бұрынғы басшысы Эмилбек Каптагаев Бішкектің атауын Манас деп өзгертуді ұсынған. Оның мәлімдемесін жергілікті БАҚ жазып, әлеуметтік желілерде де қызу талқылап жатқан көрінеді.

"Сонша уақыт өткеннен кейін, көкейімізде сондай ой пайда болмас бұрын, бәлкім, астана атауын Манас қаласы деп өзгерткеніміз жөн шығар? Қай жағынан алып қарасақ та, әділетті болар еді. Ал қазіргі Свердлов ауданына Бішкек деген ат берейік, Пішпек бекінісі дәл сонда орналасқан. Ал Бішкек батырдың өмірде болғаны, атқарған еңбегі туралы дау көп, себебі тарихи сенімді дереккөздерде айтылмаған, ал аңыз-әңгімелер жыл сайын неге екені белгісіз құбыла береді", - деп ұсыныс білдірді Каптагаев Facebook желісінде.

Әлеуметтік желі қолданушылары саясаткердің бұл пікірімен келіспей отыр.

Негізінде Бішкек қаласы да бірнеше рет атауын өзгерткен. Төңкеріске дейін Пішпек болып аталды.

1926 жылы жиырмасыншы мамырда қаланың тумасы, кеңестік әскери қолбасшы Михаил Фрунзенің құрметіне Фрунзе атауы берілген. Фрунзе 1936 жылы Қырғыз КСР астанасына айналған болатын.

1991 жылы 5 ақпанда Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен қала Бішкек деген атқа ие болды.

Пішпек деген бастапқы атаудың қайдан шыққаны белгісіз. Кей деректерге сүйенсек, қымызды пісетін арнайы құралды пішпек деп атаған.

Бішкек деген атау қырғыз қаһарманы Бишкек-баатырдың құрметіне қойылған екен.

Айта кетсек, Қырғызстан астанасындағы халықаралық әуежай Манас деп аталады.

Дерек көзі: hola news


Тегтер: астана, бішкек, нұр-сұлтан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.